ТАРАЗ. 19 қаңтар. Жамбыл облысы, Талас ауданында көлікте босанған қыз жүктілігін корсетпен жасырғаны анықталды. Бұл туралы Жамбыл облыстық прокурорының көмекшісі Ермек Қуанышев хабарлады.
Тергеу қорытындысына сәйкес, мұғалімдер босануға шақ қалғанша мектепке келіп жүрген өз оқушысының жүктілігін білмеген. Қыз жаңажылдық іс-шараларға қатысып, хорда ән салған. Қысқы каникулдардан кейін, босануына бір күн қалғанда, 12 қаңтарда сабаққа барған. Кейін оның өз жүктілігін жасыру үшін корсетпен келіп жүргені анықталды. Оны асырап алған ата-анасы малды ауылда болып, оныншы сыныпта оқитын қызының жүкті екенін білмепті. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Масалимов қыздың 2015 жылдың сәуір айында скринингтік тексеруден өткенін айтады. Бірақ жүктіліктің белгісі байқалмаған.
Кәмелетке толмаған қыздың оқиғасынан кейін Талас аудандық Үшарал орта мектебінің директоры өз қалауымен қызметінен кеткен.
«Мектеп директорымен бірге жұмыстан кету туралы арызды Талас аудандық білім бөлімінің жетекшісі Санат Әшірбеков те жазды. Сонымен қатар, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және сынып жетекшісі жұмыстан босатылады», дейді Ермек Қуанышев.
Ал, облыс басшысы Кәрім Көкірекбаев аппарат жиынында бұл іске қатысы барлардың ешқайсысының жазадан құтылмайтынын айтты. Облыстық білім басқармасы Талас ауданының әкіміне жауапты тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қабылдауы үшін арнайы хат жолдаған. «Бірақ әлі күнге дейін ешқандай жауап жоқ. Біздің білім басқармасы аудандық білім бөлімдерінің басшыларын жазаға тарталмайды. Ондай құқы жоқ. Сондықтан тек ұсыныс бере алады», дейді бұл жөнінде Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова.
Естеріңізде болса, бұл оқиға 13 қаңтарда таңғы уақытта болған. Әйел өзінің асырап алған жүкті қызын алып, көршісінің көлігімен Таразға жолға шығыпты. Жолда қыз толғатып, ұл баланы туып алған. Осыдан кейін Ақкөл ауылына кіреберісте оқушының өгей шешесі жаңа туған сәбиді лақтырып жіберген. Алған жарақатынан сәби оқиға орнында шетінеп кетті. Көлік жүргізушісі бұл оқиғаны көріп, таңғалғанын және бұл қылмысқа қатысының жоқтығын айтып отыр. Кейін сәбидің әкесі делінген ер адам ұсталды. Ол Қаратау қаласындағы колледжде оқиды екен. Ол да Талас аудандық Үшарал ауылының тұрғыны. Елдосов бастапқыда үйленемін деп, кейін жүкті қыздан бас тартқан. Жалпы асырап алған анаға, жүргізушіге және сәбидің әкесіне қатысты төрт қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz
• 19 Қаңтар, 2016
Жамбыл облысында сәбидің өліміне қатысты 4 қылмыстық іс қозғалды

Табысты растау міндетті болады: 1 шілдеден бастап ипотека беру тәртібі өзгереді
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30