АСТАНА. 19 қаңтар. Бүгін Құрлықтық хоккей лигасы шеңберінде Астананың «Барысы» өз айдынында Минскінің «Динамосын» қабылдап, 4:2 есебімен басым түсті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ойынның бірінші кезеңінде командалар бір-біріне лайықты қарсылық көрсетті. Алайда, бұл бөлікте гол соғылмады. Есесіне, екінші кезеңде жанкүйерлер 4 голдың куәсі болды. Кезең бастала салысымен алға ұмтылған айдын иелері 21-минутта қорғаушы Кевин Даллмэннің көмегімен есеп ашты. Арада 8 минут өткенде «Барыс» сапынан Максим Худяков мергендігімен көзге түсті.
Қақпаларына екі шайба жіберіп алғанына қарамастан, қонақтар шабуылда сауатты ойнады. Нәтижесінде 32-минутта динамолық хоккейші Пол Щехура есеп айырмасын қысқартты. Әйтсе де, бірнеше секундтан кейін «Барыс» қайтадан екі шайба айырмасымен алға шықты. Бұл жолы Дастин Бойд нәтижелі соққының авторы атанды.
Соңғы кезеңде астаналықтар тағы бір шайба соқты. Атап айтқанда, 44-минутта Брэндон Боченски «Динамоның» қақпасын дәл көздеген болатын. Бұл голға минскіліктер 49-минутта қарымта қайтара білді. Аталған гол Райан Вескенің еншісіне жазылды.
Матчтың соңғы минуттары аса тартысты өткенін атап өткен жөн. Қос команданың да жаттықтырушылары тайм-аут алып, шәкірттеріне нұсқау берді. Алайда, ойынның есебі төрешінің ысқырығы естілгенге дейін өзгерген жоқ.
Осылайша, «Барыс» маусымдағы 26-жеңісіне қол жеткізді. Лиганың тұрақты чемпионатының аяқталуына әлі 8 тур бар. Бүгінде Андрей Назаровтың шәкірттері 78 ұпаймен Шығыс конференциясында 7-орында келеді. 6-орында тұрған Қазанның «Ак Барсында» да осынша ұпай бар. Десек те, ол команданың бізден екі ойыны кем екенін ескеруіміз керек.
«Барыс» келесі кездесуін 21 қаңтарда Астанада Омбының «Авангардымен» өткізеді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: hcbarys.kz.
• 19 Қаңтар, 2016
«Барыс» өз айдынында Минскінің «Динамосын» жеңді

Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:21
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:08
Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:04
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше