«Біз өзіміздің қазақстандық арманымыздың орындалуына және Қазақстанның өркендеуіне сенімді түрде қол жеткізетін боламыз!» деген Елбасымыз Н.Назарбаев Ұлт Жоспары бағдарламасында қазақстандық арманға бастайтын жолды нақты көрсетіп, саралап берді.
Адамда арман көп. Армандап қана қоймай, соған ұмтылып, жол таба білген адам арманына қол жеткізеді. Кез келген ұлттың, елдің, қоғамның басты арманы – еркін ел, тәуелсіз ұлт, егемен мемлекет болу болса керек. Ата-бабамыз азат ел болуды өмір бойы аңсап өтті. Асқақ арман орындалды. Қазақстандай тәуелсіз елдің жас білімгері болғаныма өзімді бақытты санаймын. Және бойымдағы ақыл, күш-жігерімді осы елімнің қарыштап дамуына жұмсаймын.
Мектеп қабырғасында жүргенде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алу арманыма айналған еді. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Дихан-2 ауылындағы 60 жылдық тарихы бар шағын мектебінен арман қуып, Алматыға келіп, талапкер атанып, жұдырықтай жүрегімнің лүп-лүп соққанын өмір бойы ұмыта қоймаспын. Менің жақсы білім алуыма, арман-қиялдарымның орындалуына әрине, ең алдымен ата-анамның, маған тәрбие-білім берген ұстаздарымның қосқан үлесі зор. Сондықтан, бұл асыл жандарға деген алғысым мол. Өмір бойы басымды иіп өтемін. Университеттің есігін айқара ашқан күннен бастап мені жаңа әлем, жаңа орта, жаңа достар күтіп тұрды. Асқақ арманның асқарындай болған әсем қалашық менің жүрегімді бірден жаулап алды. ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Өз білімі мен дарынына сенетін көңілді де ізденімпаз жастардың орталығы екені көзге көрініп-ақ тұр. Бұл менің университетімді асыра мақтағаным емес, мен мұны шынайылықпен, шын жүрегіммен айтып отырмын. Көк байрақты желбірете көтеріп, ата-бабамыздың арманын орындап, аманатын арқалаған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстан мемлекетін азғана жылдардың ішінде әлемге танытты. Ендеше, армандар орындалады. Тек соған жеткізетін дұрыс жолды таңдап, аянбай еңбек етіп, күресу қажет.
Байдос БЕКӘДІЛОВ,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті.
АЛМАТЫ.

Нью-Йорктегі тәртіпсіздік: Фанаттар автобусты өртеп жіберген, АҚШ,
Әлем • Бүгін, 21:49
Отандық фильм Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі
Кино • Бүгін, 20:25
Президент асыл тұқымды арғымақтарын көруге арнайы барды
Президент • Бүгін, 20:10
Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты
Спорт • Бүгін, 19:17
Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Бүгін, 19:00
Димаш Құдайберген туған жерінде жаңа бейнебаян түсіреді
Қоғам • Бүгін, 18:22
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Бүгін, 17:33
Алматыда ер адамның сөмкесінен пышақ пен граната табылды
Қоғам • Бүгін, 17:05
Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Бүгін, 15:25
Аймақтар • Бүгін, 15:10
Каспий теңізінде ағын алып кеткен 2 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 14:29
«AMANAT» партиясының мүшелері «Әділет» қатарына қосыла ала ма?
Қоғам • Бүгін, 14:00