2016 жылғы 20 қаңтар №3/82 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 14) тармақшасына, 101-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:- 2016 жылғы 20 наурызға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы тағайындалсын.
- Қоса беріліп отырған 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 20 қаңтардағы
№ 3/82 қаулысымен бекітілген
2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
- Сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну
- Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
- Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
- Округтік сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан жерлерін, сайлау округтерінің тізімдерін, олардың шекараларын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
- Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
- Сайлау округін көрсете отырып, тиісті қоғамдық бірлестіктің мәслихат депутаттығына кандидат ұсыну туралы шешімін және кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішін, сондай-ақ азаматтың дауысқа түсу ниеті туралы өтінішін округтік сайлау комиссиясына ұсыну
- Мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау
- Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және олардың әрқайсысына тиісті куәлік беру
- Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша табысы және мүлкі туралы декларацияларды ұсыну
- Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу, хаттама жасау және әрқайсысына тиісті куәлік беру
- Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну
- Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
- Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру
- Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын тіркеу
- Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу
- Кандидаттардың арнаулы уақытша шоттарына қаражаттың келіп түскені туралы және оның жұмсалғаны туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
- Сайлау алдындағы үгітті жүргізу
- Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесулер кестесін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
- Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру
- Әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну
- Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну
- Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастаудың және аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және ол туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу
- Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету
- Округтiк сайлау комиссиясының сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерiн анықтау жөніндегі отырысын өткізу үшін, отырыс орны мен уақыты туралы мәлiметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, сайлау учаскесін айқындау
- Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу
- Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және сайлау учаскесінің ашылғаны туралы хаттама жасау
- Дауыс беруді өткізу
- Сайлау учаскесінде сайлау округтері бойынша мәслихат депутатын сайлау жөніндегі дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жасау
- Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу
- Сайлау учаскесінде сайлау округтері бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды округтік сайлау комиссияларына ұсыну
- Сайлау округі бойынша мәслихат депутатын сайлаудың нәтижелерін белгілеу және сайлау нәтижелері туралы хаттама жасау
- Сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесiн жалпыжұрттың танысуы үшiн округтік сайлау комиссиясының отырысы өткен сайлау учаскесiнің үй-жайында ілу
- Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы алдын ала жиынтық тiзiмдемені жалпыжұрттың танысуы үшiн округтік сайлау комиссиясының отырысы өткен сайлау учаскесiнiң үй-жайында iлу
- Сайлау нәтижелері туралы хаттаманы аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну
- Мәслихаттар депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау
- Сайлау округі бойынша сайлау нәтижелері туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
- Мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды және олардың тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
- Округтік сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептерді ұсыну
- Кандидаттардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
- Сайланған мәслихаттар депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 20 қаңтардағы
№ 3/83 қаулысына 1-қосымша
2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған, партиялық тізімдер бойынша сайланатын
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс
сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
- Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну
- Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
- Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
- Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
- Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына мемлекеттік тілдің әліпбилік ретімен партиялық тізімді, саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмені азаматтардың депутаттыққа кандидаттар ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініштерімен бірге ұсыну
- Партиялық тізімдерге енгізілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау
- Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарын тіркеу
- Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша табысы және мүлкі туралы декларацияларды тапсыру
- Партиялық тізімдерді тіркеу
- Партиялық тізімдердің тіркелгені туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
- Саяси партия ұсынған кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру
- Саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетенiне енгізу бойынша жеребе тартуды өткізу
- Саяси партиялардың сайлау қорларын тіркеу
- Саяси партиялардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу
- Саяси партиялардың арнаулы уақытша шоттарына қаражаттың келіп түскені туралы және оның жұмсалғаны туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
- Сайлау алдындағы үгітті жүргізу
- Саяси партияларға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттар мен саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
- Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру
- Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу
- Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін акт бойынша сайлау комиссиясына ұсыну
- Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну
- Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастаудың және аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және ол туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу
- Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету
- Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу
- Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау
- Дауыс беруді өткізу
- Сайлау учаскесінде дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау
- Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу
- Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына ұсыну
- Сайлау нәтижелері туралы хаттамаларды облыстық, Астана, Алматы қалалық сайлау комиссияларына ұсыну
- Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша сайлау нәтижелері туралы хаттамаларды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына ұсыну
- Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау
- Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептерді ұсыну
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
- Сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру
- Саяси партиялардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 20 қаңтардағы
№ 3/83 қаулысына 2-қосымша
2016 жылғы 21 наурызға тағайындалған,
Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
- Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну
- Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы шешімін азаматтардың депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініштерімен бірге Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына ұсыну
- Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу
- Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2016 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша табысы және мүлкі туралы декларацияларды тапсыру
- Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды тіркеу
- Кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
- Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру
- Сайлау алдындағы үгіт
- Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің өткізілетін орны мен уақыты туралы хабардар ету
- Сайлаушылардың тізімін акт бойынша Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясына беру
- Сайлаушылардың тізімін танысу үшін сайлаушыларға (Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне) ұсыну
- Дауыс беру пунктін ашу және дауыс беру пунктін ашу туралы хаттама жасау
- Дауыс беруді өткізу, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау
- Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн дауыс беру пунктінде жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелерін Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жария ету
- Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы Қазақстан Республикасы
- Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
- Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру