21 Қаңтар, 2016

Қардағы із

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жоғалған адам табылды. Ауыл әкімдігінің тез арада шешім алып, шұғыл іздестіру жұмысын қолға алуы нәтижесінде қиын жағдайға жол берілмеді. Шолақаңқаты ауылдық окру­гінде оқыс оқиға орын алды. Яғ­ни, нақтысын айтар болсақ, қаң­тар айының 15-і күні кешкілік Аңқаты елді мекенінің тұрғыны, 1956 жылы туған азамат, екінші топтағы мүгедек, жүйкесі ауыратын Ва­лерий Евгеньевич Николаев үйінен шығып кеткеннен қайтып оралмаған. Бұл хабар ауылдық округтің қызмет­керлерінің құлағына кеш­кілік сағат 18:30 шамасында келіп жетті. Хабарға әбден қанығып алған Шолақаң­қаты ауылдық ок­ругінің әкімі Темір Айт­қа­лиев әкімдіктің бас маманы Мақ­сот Жиен­ғалиевті құрамаға қосып алып, жоғалған адамды іздестіру жұмыстарына кірісіп кетті. Айта кету керек, әкімдіктің бас маманы Мақсот Жиенғалиевтің бұл іздестіру жұмы­сына жоғалған адам В.Николаевтың зайыбы Вера Ивановна мен ауыл тұр­ғыны Татьяна Вологинаны қосып алғандығы әбден жөн бол­ған сыңайлы. Өйткені, сен­бінің ертеңгілік іздестіру кезінде жо­ғалған адамның зайыбы Вера Ивановна күйеуінің аяқ киі­мінің іздерін танып, түсіп қалған қолғабының да күйеуіне тиесілі екендігін дәлелдеп, бұл жұмыс түйінінің шешілуіне де көп көмегін тигізе білді. Сөйтіп, жүйке ауруына шал­дыққан ауыл тұрғыны В.Ни­колаев 16 қаңтар күні түс кезінде Шолақаңқаты өзені бойынан, ауылдан 6 шақырым жерден аман-есен табылды. Жүйке ауруына әбден шыр­малған мүге­дек жанды ауылға, отбасына жеткізуде ауыл тұрғыны Асқар Хасанов та өзінің қарда жү­ретін моторлы шанасымен тез келіп, көмек қолын соза білді.  Мүсірбек Айташев.  Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы.