26 Қаңтар, 2016

Су басу қаупін болдырмау

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Су басу қаупіоблыс әкімдігінің қадағалауында тұрған мәселе Семейде Ертіс өзені деңгейі­нің күрт көтерілуіне байланыс­ты Түйемойнақ аралы мен Шы­ғыс кентіндегі Әбдуәли, Ақ жол, Жібек жолы сынды бір­­неше көшені су басу қау­пі бар. Мұндай ескертуді бір­не­ше күннен бері төтенше жағ­дайлар қызметінің мамандары тұрғындарға хабарлай бастады. Алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы билік өкіл­дері мен құтқарушылардан құрылған екі топ, тиісті ескертулер жазылған қағаздарды аулаларға таратқан. Сондай-ақ, бұл жұмыстарға дыбыс зорайтқышы бар 2 автокөлік жұ­мыл­дырылған. Тұрғын Бауыр­жан Жолдыбалин де ес­кер­ту қағазды алдық, қадағалап дайын отырамыз дейді. Айта кету керек, Семейдегі Шы­ғыс кентінде қыс ортасында өзен деңгейі көтеріліп екі жыл бұрын тұрғын үйлерді су басқан болатын. Ол кезде тұрғындар түнделетіп қауіпсіз жерге көші­рілген. Мұндай жағдай тағы қайталануы мүмкін, дейді мамандар. Сондықтан, төтенше жағ­дай қызметінің мамандары тұрғындарға ескерту жасап, ар­­найы хабарламалар таратып жатыр. Телеарналар арқылы да ескерту берілді. Жағдай ушығар болса тұрғындар көшуге дайын. Қазір тиісті мекеме мамандарынан жедел штаб құрылған. Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков арнайы келіп, жағдайды кө­ріп, тапсырмалар берді. Маман­дардың айтуынша, қатты аяздан су деңгейі көтерілген. Ер­тіс арнасының кей жерлеріне мұздың көптеп қатуы, су ағысын тежеген. Шығыс кентіндегі жағ­дай қазір қатаң бақылауда. Кезек­шілер су деңгейінің мөлшерін 2 сағат сайын өлшеп отыр. Әзірге ол 2 сантиметрге төмендеген. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА. СЕМЕЙ.