Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке мұқтаж жандарға, мүгедек балаларға, ардагерлерге қайырымдылық көмек көрсету туралы тапсырмасына сәйкес, 2015 жылы еліміздің әр өңіріндегі мешіттер тарапынан табиғат апатынан және басқа да жағдайларға душар болған азаматтарға қайырымдылық жасалды.
Осы орайда, мешіттерде «Қайырымдылық керуені», «Мектепке жол», «Қарттарға құрмет», «Мұқтаждың мұңын бөліс», «Бір баланы киіндір», «Қайырымдылық – қайырлы іс», «Барыңмен бөліс!» секілді акциялар мен қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды.
Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетіліп, «Қайырымдылық керуені» акциясында 110 тонна тұрмысқа қажетті заттар таратылды.
«Мектепке жол» қайырымдылық шарасы барысында тұрмысы төмен, ата-ана қамқорлығынан айырылған, жетімдер мен көпбалалы 5253 отбасына оқуға қажетті құралдар мен әр оқушыға 20 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.
«Құрбан айт» мерекесінде мұқтаж жандарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен мемлекеттік мекемелерге республика бойынша 15 308 құрбандық еті 23 419 отбасына үлестірілді.
Астана мен Алматы қалаларындағы қарттар үйлеріне «Үлкен қажылық» және «Кіші қажылыққа» тегін жолдама берілді. Діни басқарманың бастамасымен республикалық деңгейде «Қарттарға құрмет» акциясы барысында материалдық және моральдық көмек беру сияқты қайрымдылық шаралары ұйымдастырылды.
Еліміз бойынша 2015 жылы жалпы саны 152 907 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді, деп хабарлады ҚМДБ-ның баспасөз қызметі.
• 26 Қаңтар, 2016
Діни басқарма қорытындысы: өткен жылы 152 907 отбасына қайырымдылық жасалды

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе
Аймақтар • Кеше
Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды
Қоғам • Кеше
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
Спорт • Кеше
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
Саясат • Кеше
Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Кеше
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше