Атырау облысының прокуроры Ғалымжан Тоғызбаевтың төрағалығымен облыс прокуратурасының алқа мәжілісі болды. Онда өткен жылдың жұмыс қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі бағыттар айқындалды.
2015 жылы облыстық прокуратура органдарының қызметі азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекеттік органдардың құқықтық актілерінің Конституцияға, заңдарға және Президент Жарлықтарына сәйкестігі заңдылығының сақталуына, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамалардың қолданылуына, кәсіпкерлікті қорғау және қолдауға, мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғауға бағытталды.
Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлар 536 тексерулер жүргізіп, 10 599 заң бұзушылықтарды анықтады, 793 ұсыныс енгізді, 457 заңды түсіндіру жасады, 374 наразылық қанағаттандырылды. Тексеріс құжаттары бойынша 71 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 8 014 036 912 теңге зиян шығыны өтелді, оның ішінде мемлекет пайдасына – 7 793 277 267 теңге және 1 185 234 075 теңгеге тең мүлік кері қайтарылды.
Алқа қорытындысымен барлық жеке құрамға прокурорлық қадағалау қызметінде Мемлекет басшысының Жолдауындағы талаптарды басшылыққа алу, азаматтық қоғаммен өзара іс-әрекетті жандандыру, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоршаған ортаны, кәсіпкерлікті, мемлекеттің мүддесін қорғау жұмысын жалғастыру тапсырылды.
«Егемен-ақпарат».