26 Қаңтар, 2016

Өкілеттігін тоқтату мәселесі қаралды

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенаты Конс­титуциялық заң­на­ма, сот жүйесі және құ­қық қорғау органдары коми­тетінің кеңейтіл­ген оты­рысында Консти­туция­лық Кеңес мүшесі Анар Жайылғанованың өкілет­тігін тоқтату туралы мәсе­ле қаралды. Конституциялық Кеңес төрағасының ұсынымы негізінде комитет Парламент Сенатына Конституциялық Кеңестің мүшесі Анар Жайылғанованың «Нұр Отан» саяси партиясына кіруіне байланысты өкілеттігін тоқтатуға ұсыным берді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.