Парламент депутаттарының кезектен тыс сайлауы жайлы толғаныс
Жалғыз Қазақстан емес, бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған аса қиын, өте күрделі кезеңмен бетпе-бет келіп отыр. Дағдарысқа шыдамай есеңгіреген кәрі құрлық, соғыс өрті шарпыған шалажансар елдер, екі қолға бір күрек таба алмаған шарасыздар, бір үзім нанға зар болған миллиондаған босқын... Бақытсыздық баспалдақтары күн сайын көбеймесе, азаяр емес. Сәт сайын қырық құбылып тұрған алақұйын уақыт, алмағайып заманда тығырықтан шығар адастырмас ақ жол тауып, кемел ойлы кемеңгерлік таныту – ауадай қажет. Ұлт бағына туған тұлға, әлемдік деңгейдегі дана саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевта Жаратқан Ием жомарттықпен сыйлаған сондай ауадай қажет қасиет бар. Соның көркем бір көрінісі – Мемлекет басшысының 5-ші шақырылымдағы Парламент Мәжілісін тарату туралы Жарлыққа қол қоюы, сондай-ақ Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындауға байланысты халыққа үндеуі.
Осы бір қиын кезеңде, ел алдында сын-қатерлер мен аса күрделі міндеттер тұрған шақта Президент айтқандай: «Бізде тағдырға мойынсұнып, әйтеуір бір уақыттары бәрі орнына келетініне, мұнай бағасы көтеріліп, жағдайдың жақсаратынына үміттеніп отыруға уақыт жоқ». Осы сөзімен, соған сай жедел шешімімен Н.Назарбаев Данте Алигьери айтқан: «Уақытты зая жібергенге өкінетін данышпан адам» екенін тағы бір дәлелдеді.
Ұлт Жоспарын жылдам және біліктілікпен жүзеге асыру Парламенттің тиімді жұмысына тәуелді. Олай болса, Парламентке жаңашыл, жаңа күштердің келуі аса маңызды. Сол себепті де Елбасы айтқандай: «Саяси партиялар күн тәртібіндегі міндеттерді түсіне білетін сауатты, іскер және ел мүддесіне адал кандидаттарды ұсынуға тиіс».
Сын кезеңде жасалған сындарлы шешімнің тағы бір тиімділігі – уақыттан ұтумен бірге, барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауын Парламент сайлауымен қатар өткізу – қыруар қаржы үнемделетіндігінде. Қоғамның барлық әлеуметтік топтары уақыттан оза жасалған Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Президент Жарлығын қызу қолдап отыр. Ал біздің, зиялы қауымның қастерлі де қасиетті борышы – Елбасының халыққа үндеуінде айтылған міндеттерді сөзімізбен де, ісімізбен де қолдау. Ұлылардың бірі айтқандай: «Қиыншылық шегіне жеткен аса күрделі кезеңде мәдениет қайраткерлерінің рөлі күрт артады». Сол жауапкершілікті сезіне білсек, Отан алдындағы қарызымыз бен парызымыздың өтелгені.
Сәбит ДОСАНОВ,
жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін Халықаралық сыйлығының лауреаты.

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе
Аймақтар • Кеше
Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды
Қоғам • Кеше
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
Спорт • Кеше
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
Саясат • Кеше
Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Кеше
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше