Республикалық әйелдер кеңесінің Елбасының «Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен
тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығына байланысты
МӘЛІМДЕМЕСІ
Қазақстанның Іскер әйелдері Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы шешіміне қолдау білдіреді. Елбасының бұл шешімі азаматтарымыздың басым көпшілігінің көңіл күйін көрсетеді. Біздің бәріміз тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына тікелей атсалысып келеміз. Осы жылдардың бәрінде елімізде тұрақтылық пен келісім салтанат құрды. Елбасының сарабдал саясатының арқасында біз экономикалық дағдарыстарды үлкен қиындықтарсыз еңсеру үстіндеміз. Және бүгінде, жаңа қауіп-қатерлер жағдайларында, мемлекет оларды еңсеру бойынша шешімді іс-қимылдардың нақты жоспарына ие. Президент айқындап берген Бес институттық реформа Қазақстан үшін кез келген сілкіністерге төтеп беріп, әрі қарайғы табысты дамуды сақтауға қабілетті берік негіз болып отыр. Қолға алынып жатқан осындай кең ауқымды шаралар биліктің барлық деңгейінде, бірінші кезекте, заң шығарушы тармағында нақты іске асыруды талап ететіні түсінікті. Еліміздегі барлық әйелдердің мүддесін қорғай отырып, біздің ұйым Президентке реформалардың бастапқы кезеңінде-ақ оларды жүзеге асыруда кімге сенім білдіру мүмкіндігін ұсынғаны үшін ризашылығын білдіреді. Сайлау – әр азаматқа болашаққа ұмтылған ұлттың шынайы патриотизмі мен бірлігін көрсететін үдеріс. Біз қуатты, өсіп-өркендеген және табысты Қазақстан үшін күш-жігер жұмсап келдік, жұмсап жатырмыз және жұмсай беретін боламыз.