«Қазақстанның ұлттық индустриялық палатасы» өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағы ЗТБ-ның Елбасының «Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының
кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығына байланысты
МӘЛІМДЕМЕСІ
Еліміздің Өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының атынан Мемлекет басшысына Парламент Мәжілісінің құрамын жаңарту туралы осы палата депутаттарының үндеуіне қолдау көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіреміз. Кезектен тыс сайлау өткізу туралы Жарлыққа қол қою – Елбасының халық мүддесі үшін кез келген қадамға бара алатын қамқорлығының жарқын айғағы. Ал ел жұртшылығы да парламентшілердің аталған бастамасын жан-жақты қолдаған болатын. Біз институттық реформаларды жүзеге асыру үшін айтарлықтай көлемдегі заңнамалық база қалыптастырдық және депутаттардың бұрынғы құрамы өздерінің жұмыстарын діттеген жеріне лайықты жеткізе білді деп санаймыз. Осынысымен де олар жаһандық сын-қатерлерді жаңа жігермен, жаңа күш-қуатпен еңсеру қажеттігін көрсетті. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары міндеттерін орындай және кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағдарламаларын жүзеге асыруға белсенді қатыса отырып, біздің ұйымның мүшелері ел Президентіне дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыруға қабілетті жаңа Парламент жасақтауға мүмкіндік бергені үшін ризашылықтарын білдіреді. Халықтың сеніміне ие болған Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың жаңарған құрамы еліміз үшін аса маңызды міндеттерді одан әрі шешу үшін қажетті нәрсенің барлығын жасайтынына сенімдіміз. Барлық қазақстандықтарды еліміздің болашағы жолында бірігіп, жауапкершілік танытуға шақырамыз.