ПЕТРОПАВЛ. 26 қаңтар. Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі студенттері тамақтанатын жалғыз асхананың тойханаға айналдырып жіберілгені жайлы ата-аналар шу көтерді. Бұл туралы egemen тілшісі хабарлады.
Бір қызығы, оқу орнына басшылық еткендердің бір де бірі бұған еш тыйым салмаған. Оның ақыры асхананы жалға алушылармен келісім-шарттың жойылып, студенттер мен ұстаздардың түскі ассыз қалуына әкеп соқтырды. Колледж басшылығы дау-жанжалды реттеудің орнына шағымданушыларды жерден алып, жерге салып жатқан жайы бар.
«Асхананың бір жағында студенттер түстенсе, екінші жағында той мен ас беру секілді шаралар өткізіліп келді. Екі араны перде ғана бөліп тұрды. Тіпті перденің арғы жағында арақ ішіп, марқұмды еске алушылармен бірге тамақтанған жайттар талай рет кездесті. Соңғы кездері тым жиілеп кеткен той-томалақтан шаршаған студенттер мен мұғалімдер әкімдікке шағымданғанымен, ешқандай тексеру жүргізілмеді. Керісінше,оқу орнының директоры арызданушыларды жұмыстан шеттете бастады», – дейді медицина колледжінің қызметкері Әлия Дәуренбекова.
Тіпті «әкімдікке арыз жаздың» деген желеумен кейбір кабинеттердің аузына қара құлып салыныпты.
Қазір медицина колледжінің директоры Марина Ахметова облыстық денсаулық сақтау департаментіне түсініктеме жазумен жүр. Ол бірнеше рет ас беруге рұқсат бергенін мойындауға мәжбүр.
Істің ақ-қарасын тиісті орындар анықтағаннан кейін нақты шешім алынары анық. Әзірге асхананы жалға алғандармен келісім-шарт жойылыпты. Тендер жарияланып, жаңа қожайын табылғанша студенттер мен ұстаздардың ашқұрсақ болып жүргеннен басқа амалдары жоқ.
Өмір Есқали.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: mgei.kirov.ru.
• 26 Қаңтар, 2016
Солтүстік Қазақстанда колледж асханасынан шу шықты

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе
Аймақтар • Кеше
Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды
Қоғам • Кеше
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
Спорт • Кеше
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
Саясат • Кеше
Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Кеше
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше