мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандырылады
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуетті құрылымдардың барлық қызметкерлері 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек сіңірген жылдарына қарамастан республикалық бюджеттен зейнетақымен қамсыздандырылатын болады.
Аталған шара еңбек сіңірген жылдары 1998 жылға дейін кемінде 10 жыл болған әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің зейнетақы мөлшерін көбейту мақсатында қабылданып отыр. Бұрын олар бюджеттен толық көлемде зейнетақы алмаған. Бұл орайда олардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шоттарына мемлекеттік бюджет есебінен қызметкер табысының 20% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары төленіп отырған (табысының 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары аударылатын БЖЗҚ-ның басқа салымшыларын қоспағанда).
Енді 1998 жылғы 1 қаңтарда еңбек сіңірген жылдары 10 жылдан аз қызметкерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшері қайта есептелетін болады. Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін бұрын алынған табысқа салыстырылған толық көлемге дейін ұлғайту көзделген.
Әскери қызметшілердің зейнетақыларын қайта есептеу үшін қойылатын талап – бұрын бюджеттен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының 50%-ын республикалық бюджетке қайтару.
Бұрын бюджеттен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының 50%-ын республикалық бюджетке қайтару үшін әскери қызметші зейнетақы жарналарын аударған тиісті уәкілетті мемлекеттік органға жазбаша өтініш беру керек. Өтінішке жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы БЖЗҚ анықтамасы қоса беріледі.
Зейнетақы жарналарының жартысы мен есептелген инвестициялық табыс БЖЗҚ салымшысы болып табылатын әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің жеке зейнетақы шоттарында қалады. Әлеуетті құрылымдар қызметкерлері зейнетақы жинақтарының қалған жарты бөлігін пайдалану құқығын зейнетақы заңнамасының нормаларына сәйкес жалпы негіздер бойынша алады. Қандай да бір себептермен зейнетақы жарналары қайтарылмаған әскери қызметшілер де осы талаптармен зейнетақы төлемдерін алатын болады.
Бұған қоса, әскери қызметшілердің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу тоқтатылады. 2016 жылдан бастап еңбек қызметінің жалпы өтілі кемінде 25 жыл болған, оның ішінде 12 жыл 6 ай бойы үздіксіз әскери қызметте болған әскери қызметшілер еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетке шығады әрі республикалық бюджеттен төлем алады. Әскери қызмет үшін шекті жасқа келу, штаттардың қысқаруы немесе денсаулық жағдайы әскери қызметті тоқтатуға негіз болып табылады, деп хабарлады «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.

Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше