27 Қаңтар, 2016

Ықпалдастық жалғасады

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәскеу қаласында әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) мен М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университеті (ММУ) ара­сында Ынтымақтастық туралы келі­сімге қол қою рәсімі өтті, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің бас­пасөз қызметі. Құжат университеттер ректорлары Ғалым­қайыр Мұтанов пен Виктор Садовничийдің қолдарымен бекітілді. Ал келісім студенттер мен мұғалімдер арасында алмасу, өзара ғылыми тағылымдамалар өткізу, бірлескен білім беру бағдарламаларын дайындау және оларды іске асыру, академиялық кездесулерді, симпозиумдар мен ғылыми мектептерді, бірлескен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және т.б. шараларды қамтиды. – Қазақстандық әріптестерімізбен ынтымақ­тастығымыз онжылдықтарға созылып, бұрыннан жалғасып келеді, – деді В.Садовничий. – Ара­мыздағы байланыстарымыз айтарлықтай, біз дос және серіктеспіз. ҚазҰУ түлектері ММУ аспирантурасында оқып және, керісінше, ММУ түлектері ҚазҰУ аспирантурасында өз оқуларын жалғастыруда. Жаңа келісім біздің қарым-қатынасымызға маңызды серпін беретініне сенімдімін. Өз кезегіне Ғ.Мұтанов таңдаулы 300 QS (Ұлыбритания) әйгілі халықаралық рейтингіне ТМД жоғары білім орындарының үшеуі ғана кіргенін еске салып өтті: ММУ, СпбМУ және ҚазҰУ. – Келісім Еуразиялық экономикалық одақ­тың шеңберінде пайда болған көптеген ғылыми мәселелерді бірігіп шешуге мүмкіндік береді, – деді ҚазҰУ ректоры. МӘСКЕУ.
Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024