Мәскеудің аса ірі азық-түлік орталығында «Оңтүстік Қазақстан» сауда-көрме залы ашылды
25 қаңтарда Мәскеу қаласындағы аса ірі «Фуд сити» бөлшектік-көтерме сауда азық-түлік орталығында «Оңтүстік Қазақстан» сауда-көрме залы ашылды. Жобаның ұйымдастырушысы Қазақстанның Сауда өкілдігі мен Ресейдегі елшілігінің қолдауымен «KazFood» бренді аясында «Призма групп» компаниясы болды.
Сауда-көрме залының салтанатты ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілінің орынбасары Гүлжан Бодықова, «Фуд сити» агрокластерінің бас директоры Омар Абрамов, Ресей бизнесі мен Қазақстан кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
Салтанат кезінде С.Тұяқбаев Қазақстанның азық-түлік тауарларының Ресей рыноктарына экспортын кеңейту қажеттігін айтып өтті. Шенеунік облыс әкімдігінің қазақстандық тауар өндірушілерге Қазақстанның Ресейдегі Сауда өкілдігі мен Елшілігіне өзара іс-қимыл танытуда көмек көрсетуді жалғастыруға дайын екенін атап көрсетті.
Оңтүстік Қазақстан облысының тауар өндірушілері ресейлік тұтынушыларға азық-түлік өнімдерінің 20-дан астам түрін ұсынды және таяу болашақта өнім түрлерін 100-ге жеткізуді жоспарлап отыр.
Ашылу рәсімінде ресейліктерге ет өнімдері мен деликатестер, жеміс-көкөніс консервілері мен балық деликатестері, сүт өнімдері, кондитер бұйымдары, бакалея тауарлары, шай, бал өнімдері, т.б. ұсынылды.
Аталған жоба қазақстандық өнім өндірушілер мен дистрибьюторларға жәрдем көрсету, Ресей аумағында қазақстандық экспорттың географиясы мен көлемін кеңейту мақсатында жүзеге асырылды, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі.

Қоғам • Бүгін, 08:15
Орта білікті маманға сұраныс көп
Еңбек • Бүгін, 08:12
Экономика • Бүгін, 08:10
Өндіріс • Бүгін, 08:08
Бүгін бірқатар өңірде аптап ыстық болады
Қоғам • Бүгін, 08:06
Көмір өнеркәсібі және энергетикалық қауіпсіздік
Форум • Бүгін, 08:05
Шалғай ауылдарға шипа сыйлаған нысандар
Аймақтар • Бүгін, 08:02
Денсаулық • Бүгін, 08:00
Маман • Бүгін, 07:58
Өндіріс пен кәсіпкерлік– өңір дамуының өзегі
Саясат • Бүгін, 07:55
Жетісудағы медицинаның соны белесі
Медицина • Бүгін, 07:53
Қазақстан жаңа Конституцияда Ұлы дала тарихи сабақтастығын бекітті
Саясат • Бүгін, 07:50
Аймақтар • Бүгін, 07:48
Бюджетті сапалы жоспарлау маңызды
Саясат • Бүгін, 07:45
Шетелдік компанияның зауыты ашылады
Саясат • Бүгін, 07:40