АСТАНА. 28 қаңтар. «Қазақстан» телеарнасы футзалдан 2-13 ақпаны аралығында Сербияның астанасы Белград қаласында өтетін Еуропа чемпионатын көрсетеді. Бұл туралы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына алғаш рет қатысады. Ұлттық құрама команда чемпионаттың іріктеу турнирінде Португалия құрамасын 3:1, Грузияны 4:0 есебімен жеңді. Келесі ойында Босния және Герцеговина командасын 5:0 және 4:0 есебімен ұтты. Соның нәтижесінде Еуропа чемпионатына жолдама алды.
Еуропа чемпионатының финалдық турнирінде Қазақстан құрамасы Ресей және Хорватия командаларымен «С» тобында кездеседі. Әр топтан келесі кезеңге жақсы нәтиже көрсеткен екі команда шығады.
«Қазақстан» телеарнасы барлық матчтарды тікелей эфирде көрсетеді.
Барлық трансляциялар келесі күні «Kazsport» телеарнасында қайталанады.
Дастан Кенжалин.
Дерек: «Қазақстан» ТРК
Сурет: egemen.kz
| № | матч | телеарна | күні | уақыты (Астана) |
| 1 | Ресей - Қазақстан | «ҚАЗАҚСТАН» | 03.02.2016 | 23.20 |
| 2 | Қазақстан – Хорватия | «ҚАЗАҚСТАН» | 05.02.2016 | 23.20 |
| 3 | Бірінші ширек финал | «ҚАЗАҚСТАН» | 08.02.2016 | 23.20 |
| 4 | Екінші ширек финал | «ҚАЗАҚСТАН» | 08.02.2016 | 01.50 |
| 5 | Үшінші ширек финал | «ҚАЗАҚСТАН» | 09.02.2016 | 23.20 |
| 6 | Төртінші ширек финал | «ҚАЗАҚСТАН» | 09.02.2016 | 01.50 |
| 7 | Бірінші жартылай финал | «ҚАЗАҚСТАН» | 11.02.2016 | 23.20 |
| 8 | Екінші жартылай финал | «ҚАЗАҚСТАН» | 11.02.2016 | 01.50 |
| 9 | Үшінші орын үшін матч | «ҚАЗАҚСТАН» | 13.02.2016 | 23.20 |
| 10 | Финал | «ҚАЗАҚСТАН» | 13.02.2016 | 01.50 |