Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 2016 жылғы 27 қаңтар күні сәрсенбіде Үшарал ауылынан ауыр науқасты облыстық ауруханаға жеткізу үшін Талдықорғанға бет алған MD-600 Helicopter тікұшағы тұманды қарлы боранның салдарынан адасып кеткен. Шұғыл іздестіру жүргізілгенімен, Талдықорғаннан 18 шақырым жердегі сайда апат болған тікұшақ ертеңгі таңғы 8 сағат 20 минутта бір-ақ табылды. Санитарлық авиация мен «Аспан» әуе компаниясының мәліметі бойынша тікұшақтағы 5 адам түгел мерт болыпты.
Осы күні оқиға орнына Ішкі істер министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Владимир Божко және Алматы облысының әкімі Амандық Баталов келіп жетті. Өңір басшысы тарапынан шұғыл шешім қабылданып, қайтыс болғандарды жерлеу рәсімі атқарылып, жанұяларына 1 млн. теңгеден материалдық көмек көрсетілетін болды. Орын алған оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы облысы.

Франция құрамасы Сенегалды 3-1 есебімен тізе бүктірді
Спорт • Бүгін, 02:05
Қазақстан бидай импортына қайтадан шектеу енгізбек
Экономика • Кеше
Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді
Экономика • Кеше
Президент Алатау қаласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Кеше