Көпшілік бұдан көп жылдар бұрын Шотландиядағы Лох-Несс көлінен табылып, әлі күнге дейін өзінің нендей зат екені жөнінде бір тұжырымға келтіртпей жүрген құбыжықты әлі ұмыта қоймаған шығар. Енді, міне, жұмбақтығы мен атағы жағынан соған пара-пар тағы бір құбыжықтың дерегі шығып жатыр.
Жаңа тіршілік иесі де осы Британия аралы аумағынан табылды. Ол Біріккен корольдікке қарасты Уэльс жеріндегі Бармут көлін мекендейді екен. Қазір оның дерегі шыққалы бері бұл маңайды шолып, құбыжықты суретке түсіріп алуға құштарлар саны артып келеді. Осыған орай ғалымдар бұлардың екеуін де жерге қатыссыз, бізбен параллель әлемнен келген жәндіктер деген болжамға көбірек ден қоя бастады. Әйтпесе, бұларды ұстап алу да, тіпті алыстан сурет пен видеоға түсіру де неге мүмкін болмай тұр?
Мамандардың пікірінше, құбыжықтың ұзындығы кемінде отыз метр болады. Өкінішке қарай, фото тым алыстан түсірілген. Сондықтан, бұдан да гөрі нақты мәліметтер айту қиынға соққан.
Уэльс тұрғындары осы үлкен кесірткені алғаш рет өткен ғасырдың басында жағажайдан бір әйел байқағанын айтады. Дәлірегі, ол су жағасынан үлкен төрт ізді көрген. Оның таңбасына қарағанда, денесі кемінде пілге жетеғабыл болуы тиіс еді. Кейінірек, 1937 жылы бір кісі жағада серуендеп жүрген құбыжықтың өзін көрген. Оның көлемі алып қолтырауынның аумағынан кем болмаған. 1975 жылы аталмыш тіршілік иесі тағы да көзге түсіп қалыпты. Бұл жолы оны оқушы қыздар байқайды.
Міне, енді Бармут қаласы маңынан аталған құбыжық тағы көрініпті. Және оны суретке түсіріп қалудың да орайы келген. Зерттеушілер осыдан соң Жердің параллель әлеммен байланысы жөніндегі гипотезаны тағы қозғай бастады.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаруашылық • Бүгін, 16:52
«Қаражанбасмұнай» жұмысшылары Президентке үндеу жолдады
Еңбек • Бүгін, 16:45
Қызылорда облысында түйе ұрлаған азамат 5 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 16:28
Қан донорларына төленетін өтемақы мөлшері көбейе ме?
Медицина • Бүгін, 16:15