29 Қаңтар, 2016

Көкек ананың айласы

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өз нәрестесін өзгенікі деп шағымданған Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында Целиноград аудандық ішкі істер бөліміне аудандық елді мекендердің бірінде тұратын 20 жасар азаматша хабарласып, үйдің алаңында қатырма қорапқа салынған жаңа туған нәрестені байқағанын айтты. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде, нәрестені полицияға хабарласқан азаматшаның өзі дүниеге әкелгені анықталды. Жүктілік пен өздігімен босанғанын жасыру мақсатында ішкі істер органдарына көрінеу жалған шағым айтқан. Қазір сотқа дейінгі өндіріс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Азаматшаның іс-әрекетінде көрінеу жалған шағым айту және балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша міндеттерді көпе-көрінеу лайықсыз орындау белгілері қарастырылады. Қазіргі таңда нәресте мен анасы дәрігерлердің қарауында. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы, Целиноград ауданы.