Бұрнағы күні Құрлықтық хоккей лигасы шеңберінде Астананың «Барысы» Челябінің «Тракторын» қабылдады. Сайыстың плей-офф сатысына жолдама алу үшін барын салған астаналықтар ойын соңындағы буллиттен 5:4 есебімен жеңіске жетті. Аталған матч лиганың тұрақты чемпионаты барысында «Барыстың» биылғы маусымдағы өз айдынында өткізген соңғы кездесуі екенін атап өткен жөн.
Ойын айдын иелерінің шабуылымен басталды. Нәтижесінде 4-минутта ойыншы басымдығын жүзеге асырған астаналықтар Найджел Доустың көмегімен есеп ашты. Ал 13-минутта біздің команда сапынан Роман Старченко төреші белгілеген буллитті сәтті орындап, есепті еселеді. Арада төрт минут өткенде, «Трактор» ойыншы басымдығын пайдаланып, бір шайбаның қарымтасын қайтарды. Онда Андрей Попов мергендігімен көзге түсті. Дегенмен, 19-минутта Роман Савченко тағы да «Барысты» екі шайба айырмасымен алға шығарды.
Екінші кезеңнің алғашқы үш минуты елордалықтар үшін нағыз сын сағаты болды. Кезең бастала салысымен алға ұмтылған ресейліктер айналдырған 52 секундтың ішінде біздің қақпаға үш шайба енгізіп үлгерді. Алдымен, 23-минут басталған тұста тағы да бір ойыншысы артық болған «Трактор» хоккейшілері Антон Глинкиннің нәтижелі соққысымен екінші шайбаларын соқты. Сосын 20 секунд өткенде, Мартин Ружичка таразы басын теңестірді. Осы голдан кейін «Барыстың» бас жаттықтырушысы Андрей Назаров қақпашы Ян Лацоның орнына Павел Полуэктовті шығарды. Әйткенмен, Паша да айдынға аяғы тиген бойда қақпадан шайба алып шығуға мәжбүр болды. Яғни, Ружичканың голынан кейін 32 секунд уақыт өткенде, Максим Якуценя есепті «Трактордың» пайдасына 4:3-ке жеткізіп, командасын алға шығарды. Үзіліске дейін осы есеп сақталды.
Соңғы бөлікте «Барыс» ойыншылары сауатты қимылдады. Нәтижесінде 51-минутта Дастин Бойд қарсыластар қақпасын дәл көздеп, есепті теңестірді. Кездесудің негізгі уақытында таблодағы көрсеткіш өзгерген жоқ. Бұл командаларды овертаймға алып барды. Бұл уақытта да бірін бірі ала алмаған олар ойын соңындағы буллитке жүгінді. Ал аталған сында астаналықтардың жолы болып, «Барыс» маңызды жеңіске қол жеткізді.
Бүгінде біздің команда 80 ұпаймен Шығыс конференциясында 7-орында келеді. Ал 8-орында тұрған «Автомобилисте» 79 ұпай болса, 9-сатыдағы «Нефтехимиктің» қоржынында 78 ұпай бар. Бұл екі команданың бізден бір ойыны кем екенін де ескергеніміз жөн. Одан бөлек, осы матчтың алдында «Барыс» өз айдынында «Авангардтан» – 2:7, ал плей-офф жолдамасына таласта басты бәсекелесі «Нефтехимиктен» 1:2 есебімен жеңілді. Сондықтан елордалықтарға лиганың тұрақты чемпионаты шеңберіндегі қалған бес кездесуде айтарлықтай тер төгуге тура келеді. Назар аударарлығы, бұл бес ойын да сырт алаңдарда ойналады.
Айта кетейік, «Барыс» келесі кездесуін 1 ақпанда Уфада жергілікті «Салават Юлаевпен» өткізеді.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан».

Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаруашылық • Бүгін, 16:52
«Қаражанбасмұнай» жұмысшылары Президентке үндеу жолдады
Еңбек • Бүгін, 16:45
Қызылорда облысында түйе ұрлаған азамат 5 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 16:28
Қан донорларына төленетін өтемақы мөлшері көбейе ме?
Медицина • Бүгін, 16:15