Ұлттық музейде Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Жыршылық өнер» кафедрасы студенттерінің қатысуымен «Жыр керуені» атты лекция-концерт өтті.
Бұл шара «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының қазақ халқының дәстүрлі музыкалық өнерін жаңғырту мен насихаттауға арналған «Дәстүрлі музыкалық мұра» атты бағдарламасы аясында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Мамандар жыраулық дәстүрдің тарихы Күлтегін, Тоныкөк, Орхон Енисей жазуларынан, Естеміс, Бұмын қағандарға арналған мадақ жырларынан бастау алатынын алға тартады. Өйткені, мұндағы сөз тіркестері, мадақтар жыраулық мектептің бірнеше ғасырлық шежіресін мінсіз айғақтайды. Мұнан кейінгі кезеңдерде өткен Қорқыт ата, Сыпыра жырау, Кетбұға, Асан қайғы, Шалкиіз, Доспамбет, Қазтуған, Үмбетей, Бұқар жыраулардың жауһарлары көш ізін үзбей жалғастырады.
Бір ғажабы, жыраулар сөзінің құдіреті биік рухқа, қайрат-жігер мен ғаламат күшке ие. Оларды кісі жай тыңдап қоя салмайды. Құлаққа құйыла бастағаннан адам отқа қызынғандай әсерленеді. Шабыт шақырады. Үрей, күдіктен арылтады. Ғажайып сезіммен серпіледі. Өйткені, жыраулар қай кезде де ең алдымен, елдің мұң-шерін, арман-мақсатын еш бүкпесіз ашық айта алып отырған. Ол да болса Ұлы Дала мәдениетінің тек өзіне ғана тән болып келетін ерекшелігі. Бүгінгі таңда жырау бабаларымыздың мұралары мен маржан ойлары арқылы тарихи сананы оятуға, жырларды қалың көпшілікке насихаттауға барынша көңіл бөліне бастады. Ұлттық музейде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, «Парасат» орденінің иегері, белгілі күміскөмей жырау Алмас Алматовтың жүргізуімен өткен Ұлттық музейдегі лекция-концерт сондай идеяны жүзеге асырушы бірден-бір жоба болып табылады.
Қаршыға КҮЛЕН.

«Ақ жол» партиясында – жаңа төраға
Партия • Бүгін, 08:05
Бүгін 10 облыста аптап ыстық болады
Қоғам • Бүгін, 08:00
Дәстүр мен жаңашылдықты ұштастырған алаң
Көрме • Бүгін, 08:00
Партия • Бүгін, 07:55
Қоғам • Бүгін, 07:50
Цифрландыру үдерісін жоғары бағалады
Саясат • Бүгін, 07:45
ЖИ саласындағы байланыс беки түседі
Саясат • Бүгін, 07:40
Сауд Арабиясы - Уругвай: H тобындағы ойын тең аяқталды
Спорт • Бүгін, 05:00
Белгьгия мен Мысыр тең тарқасты
Спорт • Бүгін, 02:10
Испания мен Кабо-Верде кездесуінде гол соғылмады
Спорт • Кеше
ҰБТ кезінде 470-тен астам ереже бұзушылық анықталды
Қоғам • Кеше