30 Қаңтар, 2016

Спортшылар Олимпиадаға отандық киіммен қатысады

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
30.01.2016 AST АСТАНА. 30 қаңтар. Мәдениет және спорт министрлігінде Рио-де-Жанейро қаласында өтетін XXXI Жазғы Олимпия ойындарына қатысатын спортшылардың спорттық киіміне арналған комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Жиында комиссияның шешімімен спорттық киімді тігуге берілетін мемлекеттік тапсырысты отандық компанияларға беру жөнінде шешім қабылданды.  Сонымен бірге отырыста отандық киім өндірушілердің ұсыныстары ортаға салынды. Комиссия отырысына Олимпиада чемпиондары Ермахан Ибраимов, Юрий Мельниченко, Ольга Шишигина, дизайнерлер, Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық олимпиада комитетінің өкілдері қатысты. Комиссия мүшелері киімнің сапасы, тігіс сапасы мен дизайны туралы айтты. Олар ең бастысы киімнің спортшылар үшін ыңғайлы болу керек деген тоқтамға келді. Осы жерде айтатын нәрсе, бұған дейінгі Сочиде өткен Қысқы Олимпия ойындарына спортшылардың киімін отандық компания әзірлеген болатын. Енді Рио-де-Жанейро Олимпиадасына да Қазақстан делегациясы отандық спорттық киіммен баратын болады. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті. 30.01.2016 AST-1