АСТАНА. 31 қаңтар. АҚШ-та Гилдия кәсіби одағының өткізген салтанатты кешінде Леонардо Ди Каприо «Итжанды» (The revenant) фильміндегі рөлі үшін «үздік актер» номинациясын жеңіп алды. Бұл туралы interfax.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Леонардо Ди Каприоның бәсекелестері ретінде Джонни Депп, Майкл Фассбендер, Эдди Редмэйн және Брайан Крэнстон танылды.
Жеңімпаз осыған дейін үздік драмалық рөлі үшін халықаралық кинобасылымдардың таңдауымен «Алтын глобус» және АҚШ-тың «Сыншылар таңдауы» (Critic’s choice) сыйлығының жеңімпазы атанған. Сондай-ақ, осы фильмі үшін 28 ақпан күні өтетін «Оскар» сыйлығының үміткерлер тізіміне енді.
Салтанатты кеште «үздік актриса» номинациясын «Бөлме» (Room) фильмінде басты рөлді сомдаған Бри Ларсон жеңіп алды. Ал екінші жоспардың үздік актрисасын «Даниядан келген қыз» (The danish girl) фильмінде ойнаған Алисия Викандер иеленді. Сондай-ақ, «Қаңғыбас аңдар» (Beasts of no nation) фильміндегі Идрис Эльба соған бара-бар ер адамдар арасындағы номинацияға қол жеткізді. «Басты назарда» (Spotlight) фильмін сомдағандарды үздік актер ұжымы ретінде мойындады.
Салтанатты кеште «Карточкалы үйшік» (House of cards) фильмінде ойнаған Кевин Спейси драмалық сериалдық үздік актері атағын алды. Ал әйелдер арасында осы номинацияны «Өлімнен қалай құтылуға болады» (How to get away with murder) сериалы үшін Виола Дэвис жеңіп алды.
Комедиялы сериалдар арасында Узо Адуба «Маусым хиты – қызғылт сары» (Orange is the new black) үшін «үздік актер» ретінде танылды. Ал шағын сериалдың үздік актрисасы атағын «Блюз биінде тек қана Бесси» сериалын сомдаған Куин Латифа жеңіп алды. «Лютера» фильмінің өткен жылы кезекті маусымында ойнаған Идрис Эльба «үздік актер» атанды.
Аян Әбдуәли.
Дерек, сурет: interfax.ru.

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026