31 Қаңтар, 2016

Полиция жүкті болып қалған оқушы қыздың жайын тексеруде

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

31-01-16-berem-1

КӨКШЕТАУ. 31 қаңтар. Көкшетау қалалық полициясы әлеуметтік желідегі танысынан жүкті болып қалған 9-сыныпта оқитын қыздың жайын тексеріп жатыр. Бұл туралы қалалық ішкі істер басқармасының дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. «Көкшетау қаласындағы мектептердің бірінде оқитын 2000 жылы туған қыздың өткен жылы әлеуметтік желіде жас жігітпен танысқаны белгілі болды. Олар хат жазысып тұрғаннан кейін бірнеше айдан соң кездескен», - деді полициядағылар. Сонымен қатар кәмелетке толмаған қыздың жаңа танысымен жыныстық қатынасқа өз еркімен барғаны да атап өтіліп отыр. Бақберген Амалбек. Дерек, фото: Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасы.