02 Ақпан, 2016

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы

296 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Астана қаласы           2016 жылғы 1 ақпан            №8/92 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық 1995 жылғы 28 қыркүйектегі заңының 28-бабының 3, 4, 5-тармақтарына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссия­сы қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін: 1) сайлау алдындағы бағдарламаны теледидар арқылы баяндау: облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін – 70 000 (жетпіс мың) теңге сомасында; қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін – 36 000 (отыз алты мың) теңге сомасында; 2) бағдарламаны радио арқылы баяндау: облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін – 20 000 (жиырма мың) теңге сомасында; қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін – 7 000 (жеті мың) теңге сомасында; 3) баспа басылымдарында екі мақала жариялау: облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін – 85 000 (сексен бес мың) теңге сомасында; қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін – 62 000 (алпыс екі мың) теңге сомасында; 4) сайлау алдындағы көпшiлiк шараларын өткiзу және үгіт материалдарын шығару: облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін – 25 000 (жиырма бес мың) теңге сомасында; қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін – 20 000 (жиырма мың) теңге сомасында; 5) көліктік шығыстар: облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін – 45 000 (қырық бес мың) теңге сомасында; қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін – 28 000 (жиырма сегіз мың) теңге сомасында. 2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін. 3. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған сайлау комиссияларының және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың назарына жеткізсін. 4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.МЕЛДЕШОВ