02 Ақпан, 2016

Румыниялық әріптесімен кездесті

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай Румыния Парламенті Өкілдер палатасының депутаты Ионаш-Флорин Урканмен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. Кездесу барысында сенатор Қазақстанның Шығыс Еуропа және Балқандағы маңызды әріптесі болып табылатын Румыниямен қарым-қатынасты дамытуға зор мән берілетінін атап өтті. Тараптар екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты тереңдетудің келешегін талқылады және Қазақстан-Румыния парламенттік достық топтардың қызметін үдету туралы пікір алмасты.