02 Ақпан, 2016

Міндет – айқын, жеңіске қол жеткізу

304 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
BEK_3433«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының белсенділері қалада партияның сайлауалды штабы ашылғанын хабарлады Партияның Алматы қалалық филиалында өткен брифингте қалалық сайлауалды штабтың жетекшісі Рахман Алшанов үстіміздегі жылдың 30 қаңтарында партия Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтің жетекшілігімен Республикалық сайлауалды штабтың ашылғанын атап өтіп, Республика бойынша қалалық және аудандық сайлауалды штабтар өз жұмыстарын бастағанын жеткізді. Осы іс-шара аясында «Алматы қалалық сайлауалды штабының құрамына танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, партия белсенділері, қалалық филиал саяси кеңесінің мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен жас­тар ұйымдарының белсенді өкілдері еніп отыр. Журналистермен өткен басқосу барысында сайлауалды штаб жұмысының міндеті – «Нұр Отан» партиясының парламенттік және мәслихаттар сайлауларында айқын жеңісіне қол жеткізу екендігі, партияның кезектен тыс XVІI съезінде Парламент Мәжілісінің депутаттары сайлауына арналған партиялық тізім бекітілгені және жаңа қабылданған «Қазақстан-2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарлама аясында көптеген іс-шаралар атқарылуы тиіс екендігі атап көрсетілді. Айта кетсек, Алматы қаласы бойынша сенімді өкілдер мен партия белсенділерінің жұмысын үйлестіретін 1 қалалық және 8 аудандық сайлауалды штабы өз жұмыстарын бастады. Олардың құрамында 170 адам бар. Сонымен қатар, қала бойынша сайлауалды штабтарының жұмысына 1500-ге жуық сенімді өкіл қатысады. Қалалық штаб жұмысының ашылуына «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Аманжолова, «Нұр Отан» партиясы фракциясының Алматы қаласы мәслихатындағы жетекшісі Мұрат Әділханов, Қазақстанның Еңбек Ері, белгілі ұстаз Аягүл Миразова, танымал қаржыгер Серік Аханов, Олимпиада жеңімпазы, боксшы Ермахан Ыбырайымов «Локомотив» АҚ филиалының директоры Болат Оспанов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен қалалық жастар ұйымдарының белсенділері қатысты. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ. Суретті түсірген Юрий БЕККЕР.