Кеше «Нұр Отан» партиясының баспасөз орталығында «Жастар – Отанға!» жобасының 2015 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысына арналған брифинг өтті.
Шараға «Жас Отан» жастар қанаты хатшылығының басшысы Аян Сакошев, «Қазақстан жастар конгресінің» атқарушы директоры Айдын Сәбитов және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабының басшысы Рахат Хамидулин қатысып, БАҚ өкілдеріне «Жас Отан» жастар қанатының осы жоба аясында өткен жылғы жұмыс қорытындылары және алдағы жоспарлары жайында айтып берді.
«Жас Отан» жастар қанаты хатшылығының басшысы А.Сакошевтың айтуынша, былтыр аталған жоба негізінде бірқатар жастар ұйымымен 2016 жылға арналған бірлескен жоспарға қол қойылған. Бұл жастардың қоғамдық өмірге белсене араласуына мүмкіндік бермек.
– Жоба аясында 2015 жылы «Кеңес орталығы» консалтинг орталықтарында 27 мыңнан астам адамға жұмыс, баспана және елімізде жүзеге асырылып жатқан бағдарламаларға қатысты кеңестер берілді. Аталған орталықтардың мақсаты ауылдық жастарды ақпараттандыруға, заң мәселелері бойынша жеке консультативті және психологиялық көмек көрсетуге бағытталған. Жалпы, өткен жылы «Жастар – Отанға!» аймақтық жастар саяси лагеріне 560 адам қатысты. Биыл сондай лагерь облыстық, республикалық деңгейде ұйымдастырылады. Оған қоса республикалық деңгейдегі лагерьге 300-ге жуық адам тартылмақ, – деді А.Сакошев.
Сондай-ақ, жастар қанаты хатшылығы басшысының сөзіне қарағанда, өткен жылы «Еріктілер мектебі» шеңберінде елімізде 600-ден астам Ұлы Отан соғысы, тыл ардагерлеріне және көмекке мұқтаж егде адамдарға көмек көрсетілген.
Айта кетейік, «Жастар – Отанға!» жобасы 2009 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жобаның мақсаты – жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды түсіндіру және ұлықтау болып табылады. Жоба «Қазақстан – 2050» Стратегиясы, сонымен қатар, «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Елбасы Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде әзірленген болатын. Оның аясында «Кеңес орталығы» консалтинг орталықтары, «Жастар – Отанға!» жастар саяси лагері, «Еріктілер мектебі», «Қазақстаным таза мекенім», «Әскердегі бір күн» сынды бірқатар игі іс-шара ұйымдастырылады.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан».
• 02 Ақпан, 2016
«Жастар – Отанға!» жобасының жаңа маусымы басталды

Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Нашар тұрмыс теңсіздіктен туындайды
Экономика • Бүгін, 16:11
«Атырау» футбол клубы қанша теңгеге сатылуы мүмкін?
Спорт • Бүгін, 16:10
Михаил Шайдоров жалақысы туралы мәлімдеген Спорт министрлігіне ренішін білдірді
Спорт • Бүгін, 16:01
AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05