Орталық сайлау комиссиясының кешегі отырысында Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлері бекітілді.
Қаулы жобасымен таныстырған ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоостың айтуынша, еліміздің «Сайлау туралы» конституциялық заңына сәйкес облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарының депутаттығына тіркелген әрбір кандидатқа бюджеттен үгіт шаралары мен көліктік шығыстарға 245 мың теңге, ал қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидатқа 153 мың теңге бөлінеді. «Оның ішінде облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихаттары депутаттығына кандидаттарға телеарналардан сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сөз сөйлеу үшін 70 мың теңге, қалалық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарға 36 мың теңге қарастырылды. Облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихаттары депутаттығына кандидаттарға радиолардан сайлауалды бағдарламамен сөз сөйлеуге 20 мың теңге, қалалық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарға 7 мың теңге бөлінеді, – деді ОСК төрағасының орынбасары.
В.Фоостың атап өтуінше, облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихаттары депутаттығына кандидаттарға басылымдарда екі мақала жариялау үшін 85 мың теңге, қалалық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарға 62 мың теңге қарастырылған. «Облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихаттары депутаттығына кандидаттарға жария сайлауалды шараларын өткізуге және үгіт-насихат материалдарын шығаруға 25 мың теңге, қалалық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарға 25 мың теңге бөлінеді. Облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихаттары депутаттығына кандидаттардың көлік шығыстарына 45 мың теңге, қалалық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарға 20 мың теңге қарастырылған», – деді ол осы жөнінде.
Отырыста, сондай-ақ, Астана мен Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссияларының жаңа мүшелерінің тағайындалғаны хабардар етілді. ОСК мүшесі Марат Сәрсембаевтың айтуынша, Астана қалалық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Александр Шефер, Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Владимир Пак тағайындалған.

Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Конституция жобасын түсіндірді
Ата заң • Бүгін, 17:05
Референдум және жаңа Конституция: Халық көп жиналатын орындарда ақпараттық жұмыс жанданды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30