02 Ақпан, 2016

Кандидаттар қатары артып келеді

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ЦИККеше Орталық сайлау комиссиясында ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов журналистерге брифинг өткізіп, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну барысымен таныстырды. Облыстық, Астана және Ал­маты қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2016 жылғы сағат 10.00-дегі жағдай бойынша республикада мәслихаттар депутаттығына барлығы 1050 кандидат ұсынылған. Олардың ішінде 107-сі облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарына, 804-і аудандық мәслихаттарға, 139-ы қалалық мәслихаттарға ұсынылып отыр. Ал екі кандидатты саяси партиялар, 1048 кандидат өзін-өзі ұсынған. «Ұсынылған кандидаттардың басым көпшілігі, нақты айтқанда, Сол­түстік Қазақстан облысынан 239 адам, Қарағанды – 197 адам, Шығыс Қазақстан – 132 адам және Қостанай облысы­нан 95 адам ұсынылды. Ұсынылған кан­ди­даттардың 5-еуі саяси пар­тия­лардың мүшелері, 553-і партияда жоқтар, тағы 492-сі өзінің партияға тиесілі екенін көрсетпеген», – деді Б.Мелдешов. Ұсынылған кандидаттардың арасында 16 ұлттың өкілі бар. Үміткерлердің 693-і ер адамдар, 357-сі әйелдер, орташа жасы – 41 жас. «720 кандидаттың жоғары білімі, 257 кандидаттың арнаулы орта және 72 кандидаттың орта білімі бар, – деді ОСК хатшысы. – Кандидаттардың 56 пайызы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда, 38 пайызы коммерциялық құры­лымдарда жұмыс істейді, 6 пайызы басқа кәсіппен айналысады». Кешегі күнге дейін округтік сайлау комиссиялары 28 кандидатты тіркепті. Ал Ортсайлауком бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2016 жылғы 19 ақпанға, ал тіркеу 23 ақпанға дейін жүргізіледі.