Елбасымыздың өткен жылдың аяғындағы Қазақстан халқына Жолдауы ұлтымыздың рухын көтерді. Арманымызды оятты. Ал жылдың басында жарияланған Елбасының мақаласы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары шеңберінде Қазақстанның болашағы қандай болмақ, әлемдегі алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына ену үшін не істелуі керек деген сияқты күрделі міндеттерді шешуге бағытталған. Сондай-ақ, партияның әрбір съезінде болашаққа арналған бағдарламалар қабылданады. Бұл бағдарламалар ұлттың дамуымен, еліміздің өркендеуімен тығыз байланысты. Сондықтан да Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы съезде сөйлеген сөзінде елдің алдында, партияның алдында тұрған келелі міндеттерді жан-жақты сараптап берді.
Президентіміз әуелі экономика, сосын барып саясат деген болатын. Осы тұжырымның өміршеңдігіне бүгінде нақты көз жеткіздік. 1995 жылы Жоғарғы Кеңестің XIII шақырылымы таратылған сәтте түсініңкіремеген болатынбыз. Күндер өткеннен кейін, араға жылдар салғаннан кейін сараптасам, сол шақырылымда бір жылда бір ғана заң қабылдаған екенбіз. Күні бойы жұмысымыздың бәрі бір-бірімізбен айқайласу, талас-тартыспен өтіпті. Экономика, Үкіметтің алдындағы міндеттер қайда – бұл мәселелер талқыланған жоқ. Міне, осыдан кейін Елбасының «әуелі – экономика, сосын саясат» деген сөзінің мәнін жақсы түсінуге болады.
Жаңа сайлау қоғам өміріне, елдің өркендеуіне жаңа леп әкеледі деп ойлаймын. «Нұр Отан» партиясы бүгін экономиканы, қаржылық қатынасты, банк жүйесін, жалпы, ауыл проблемаларын терең білетін білікті үміткерлерін додаға қосты деп білемін. Қазіргі жағдай күрделі. Дегенмен, халық президенттік партияға үлкен сенім артып отыр. Өйткені, халық былтыр өткен президенттік сайлауда Елбасын айқын қолдайтындықтарын білдірді. Сондықтан «Нұр Отан» партиясы сайлауда ең көп дауыс алатынына сенімдімін. Сондай-ақ, сайлау ұйымдасқан түрде әділ, саяси науқан жағдайында өтеді деп ойлаймын.
Уәлихан ҚАЛИЖАНҰЛЫ,
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры.

Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше