шетелдіктер тарапынан жоғары бағаланып отыр
Кеше Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжановтың Румыния Парламентінің депутаты, Румыния Демократиялық либералдық партиясының мүшесі Ионаш-Флорин Урканмен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдениетаралық үнқатысуды одан әрі дамыту мәселелері, гуманитарлық өзара іс-қимылдың маңызды бағыттары талқыланды. Кездесуге қатысушылар ҚХА-ның халықаралық серіктестігі шеңберінде іс-қимыл жасау, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісінің ерекшеліктері мәселелері туралы пікір алмасты. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың этносаралық және конфессияаралық келісімінің моделі БҰҰ, ЕҚЫҰ сияқты аса беделді халықаралық ұйымдарда талқыланып, қолдауға ие болды. Бүгінгі күні бұл модель туралы білгісі келетіндер, оның көптеген қырларын зерттегісі келетіндер көп. Тек өткен жылы ғана мен осы мәселемен шетелдік 24 делегацияны қабылдап, келіссөз жүргіздім, деді Ералы Тоғжанов кездесу барысында. Өз тарапынан мейман да бұл іске қызығушылық білдіретінін жеткізді. Мен сіздердің этносаралық бағытта жүргізіп жатқан жұмыстарыңызбен ҚХА-да таныса келіп, бұл тарапта аз жұмыс істелмегеніне көз жеткіздім. Осы жұмыстың бәрі Қазақстан халқының тыныштығы мен тұрақтылығын сақтауға арналып отырғаны айқын аңғарылады, деді ол. Сөзінің қорытындысында И-Ф.Уркан этносаралық келісімді қамтамасыз етудегі Қазақстанның оң тәжірибесі басқаларға үлгі болатынын атап көрсетіп, Президент Н.Назарбаевтың жүргізіп отырған бейбітшілік пен келісім саясатын Румынияның жоғары бағалайтынын айтып өтті. Қазақстан мен Румыния арасындағы парламентаралық байланыстар нығая түсуде. Екі елдің парламенттік делегациялары бір-біріне қатынасып, өзара ынтымақтастық орнатқанына біршама жыл болды. Бұл екі елдің экономикалық ынтымақтастығына өріс ашатын қадамдар болса, мәдениетаралық байланыстар қазіргі уақытқа дейін тіпті жандана түскен. Былтырғы жылдың аяғында ғана Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Қазақстанның Румыниядағы елшілігі мен «КМГ Интернешнл» компаниясының қолдауымен Бухаресте 4 күнге созылған кинофестиваль өткізіп келді. Фестивальға апарған картиналардың арасында «Елбасы жолы», «Балалық шағымның аспаны» атты Н.Назарбаев өміріне арналған кинофильмдер де алғашқы күні көрсетілді. Ал киноэпопеяның басқа бөлімдері келесі күндері ұсынылды. Сонымен қатар, қазақстандық танымал кинорежиссерлердің әр жылдары түсірілген 9 кинофильмі румыниялық көрермендердің назарына ұсынылып, өздерінің лайықты бағасын алды. Бухаресте қазақстандық кинофестивальдің өткізілуі екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықтың дәстүрін одан әрі тереңдете түсті. Ал оған дейін қазақстандық өнерпаздар Румынияда жыл сайын өткізіліп тұратын Дж.Энеску атындағы классикалық музыканың фестиваліне қатысып отыратын. Олардың арасында пианист Әмір Тебенихин, скрипкашы Жібек Мүсірғалиева және т.б. болған еді. Ал былтырғы 5 желтоқсанда Бухаресте скрипкашы Арман Мырзағалиев өнер көрсетті. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде жоғарылады
Спорт • Бүгін, 12:17
Ақмола облысында аурухана есепшісі 10 миллион теңгеге жуық ақша ұрлаған
Оқиға • Бүгін, 12:05
Петропавлда өртеніп жатқан үйден 2 адам құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 12:03
«ҚазАвтоЖол» 6 өңір бойынша ескерту жасады
Қоғам • Бүгін, 11:45
Ақсуат ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:30
Бокстан бас бапкер Азия чемпионатындағы екі нәтижемен келіспейтінін айтты
Бокс • Бүгін, 11:15