02 Ақпан, 2016

Қарағандылық кәсіпкер өз ауылына спорт кешенін салып берді (фото)

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-02-2016 karagandi 1ҚАРАҒАНДЫ. 2 ақпан. Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында «Мақсат» шаруа қожалығының басшысы туған ауылына спорт кешенін салып берді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Түгіскен ауылында бой көтерген спорт кешенінің құрылысын «Мақсат» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Көпбаев қаржыландырған. Жобаның құны – 110 миллион теңге. Жаңа спорт кешенінде ауыл тұрғындары волейбол, баскетбол, шағын футбол және күреспен айналыса алады. Жаттығу залы заманауи спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қайрат Көпбаев басқарып отырған «Мақсат» шаруа қожалығы қазақтың ақбас сиырларының етті тұқымын өсіріп-бағумен айналысады. Бүгінгі күнде шаруашылықта отызға тарта адам жұмыс істейді. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: Қарағанды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 02-02-2016 karagandi 4 02-02-2016 karagandi 2 02-02-2016 karagandi 3