АСТАНА. 2 қаңтар. WhatsApp мессенджерін белсенді пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетті. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қазіргі таңда мобильді қосымша 53 тілде қолжетімді әрі мессенджер жеті платформада қолданылады. Күн сайын WhatsApp-ты пайдаланушылар 42 миллиард хабарлама, 1,6 миллиард сурет пен 250 миллион бейнежазба жібереді.
Айта кетейік, WhatsApp мобильді қосымшасын 2009 жылы Ян Кум есімді хакер жасап шығарған болатын. Кейіннен оған Yahoo компаниясында бірге жұмыс істеген бұрынғы әріптесі Брайан Эктон қосылды. 2011 жылдың қарашасына қарай iOS жүйесі үшін WhatsApp ең танымал ақылы әлеуметтік қосымшаға айналады. Ал Android операциялық жүйесін қолданушылар арасында мессенджерді жүктеп алу сол кезде 10 миллионға жетті. 2014 жылы Facebook әлеуметтік желісі WhatsApp-ты 19 миллиард АҚШ долларына сатып алды.
2016 жылдың қаңтарында мобильді қосымшаның басшылығы WhatsApp-тың толықтай ақысыз болатынын мәлімдеді. Жыл бойы ақысыз пайдаланудан кейін бір АҚШ доллары көлеміндегі жылдық абоненттік төлем алынып тасталды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: lenta.ru.
Сурет: 1news.az.
• 02 Ақпан, 2016
WhatsApp қосымшасын пайдаланушылар саны 1 млрд.-қа жетті

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше