02 Ақпан, 2016

Көкшетауда таңғы дене шынықтыруға 200-ден астам адам қатысты

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-02-2016 kokshetau 1КӨКШЕТАУ. 2 қаңтар. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған айлық аясында флешмоб өткізіліп отыр. Бұл жөнінде «Ақмола медиа орталығы» баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісіне хабарлады. Облыстағы спорт ұйымдарының қызметкерлері мен спортшылар «Бурабай» спорт кешені алаңына жиналып, ерекше шараның ұйытқысы болды. Олардың қатарына көшеден өтіп бара жатқан кісілер де көптеп қосылып жатты. Дене шынықтыруға қатысушыларды Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Надежда Патюткина құттықтады. «Мен осындай шараға қатысқаныма қуаныштымын. Біз жас кезімізде, студенттік шағымызда таңертеңгілік дене шанықтыру жаттығуларына үзбей қатысатынбыз. Бұның пайдасы орасан. Күні бойы сергек жүретінбіз. Денсаулыққа да пайдалы. Қаламызда бұл шара дәстүрге айналады деп сенемін», – деді Болат Есенбаев. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: «Ақмола медиа орталығы».