АЛМАТЫ. 2 ақпан. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорында басқарма төрағасы ауысты. Холдингтің 2016 жылғы 1 ақпанда өткен директорлар кеңесінің шешімімен «Даму» қорының басқарма төрағасы лауазымына Қаныш Төлеушін тағайындалды. Бұл туралы «Бәйтерек» холдингінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жаңа тағайындауға дейін 2013 жылдан бастап Қаныш Төлеушін «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры – басқарма мүшесі қызметін атқарды. Осыған дейін «Даму» қорын басқарған Ләззат Ибрагимова «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары қызметіне ауыстырылды.
Қаныш Төлеушін «Болашақ» бағдарламасының түлегі болып табылады. 2006 жылы Оксфорд университетін (Оксфорд, Ұлыбритания) үздік тәмамдап, инновациялық менеджменттің магистрі атанды. Сондай-ақ, қаржы және кредит мамандығы бойынша Еуразия ұлттық университетінің қызыл дипломын алды.
Өз еңбек жолын 2004 жылы «Темірбанк» акционерлік қоғамында бухгалтер-операционист қызметінен бастаған.
Әр жылдары Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебімен бірлесіп, Назарбаев университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде «Мемлекеттік саясат және басқару» тақырыбы бойынша оқу мен тренингтерінен, ЮНИДО тренингі, Австрияда «Өңдеу өнеркәсібінің болашағы» тақырыбы бойынша тренинг, Ernst & Young бизнес мектебінің қаржылық үлгілеу, бизнесті бағалау, МВА, қаржылық талдау мен инвестициялық жобаларды бағалау тақырыптары бойынша тренингтерден өтті.
Айнаш Есали.
Дерек, сурет: «Бәйтерек» холдингінің баспасөз қызметі

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше