Қаланың атын ауыстыру туралы қаулыға Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қол қойды. Бустон – Соғды (бұрынғы – Ленинабад) облысының ірі өнеркәсіп және мәдениет орталығы. Үкіметтің мәлімдемесінде атап көрсетілгендей, республикада тағы бірқатар қалалар мен аудандардың, сондай-ақ, елдегі ең көне Қайраққұм су қоймасының аттары да өзгерген.
Бұдан былай ол «Бахри точик» (Тәжік теңізі) болып аталады. Үкімет мәлімдемесінде республикадағы қалалар мен аудандардың, сондай-ақ, су қоймасының аттарын өзгертудегі мақсат тарихи атауларды қалпына келтіру, ұлттық құндылықтарды насихаттау жөніндегі патриоттық ұсыныстар мен халықтың арман-мүддесін жүзеге асыру болып табылатыны айтылған.
Мұрат АЙТҚОЖА.