Үй тонап, қалта қағып үйренген ұрылардың дәйім дегендері болып, ойлағандары орындалып жатпайды. Олардың жоспары өзіне құрылған тұзақ болып, алған жымқырмасының өзін әп-сәтте ұстап берер «көзге» айналып жататын тұстары аз емес. Осындай қылмыстық әрі қызықты оқиғалардың бірі жуырда Маңғыстау өңірінде тіркелді.
Күйзелте отырып, езу тарттырарлық оқиға Маңғыстау облысының Қарақия ауданының орталығы – Құрық ауылында болды. 69 жастағы ауыл тұрғынының құқық қорғау орындарына жазған шағымына қарағанда, ол кешке таман өз ауласына шығып, қақпалардың дұрыс жабылған-жабылмағандығын тексеріп жүреді. Кенет құлағына терезе жақтан әлдебір дауыс шалынған. Ол дыбыс шыққан жаққа келсе, үйге терезе арқылы кірмек болған ер адамның терезеге сыймай кептеліп тұрғанын көреді. Ілініп тұрған ұрыны жақсылап тұрып бір теуіп алған үй иесі үйге кіріп полиция шақырады. Тәртіп сақшылары келгенде, есіктен бөксесі сыймай қалған «аюдай» болып кептеліп тұрған ұры жан-дәрмені шығып, қашып кеткен екен.
Алайда, полицейлер күдіктіні дереу анықтап, ұстап үлгерген. Ол сол ауылдың 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда күдіктінің үстінен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осыған ұқсас оқиға Ақтау қаласында да болғанын атап өткен жөн. Облыс орталығының 15-шағын ауданында үй иесі есігін ашық тастап, көршісінің үйіне кетеді. Көршісінің су жаңа теледидарын көріп, тамашалап 20 минутта үйіне оралса, үйіне белгісіз ер адам кіріп алған. Үй иесін көрген бойда тұра қашқан ұры қолына ұялы телефонды іле кетеді. Десек те, асығып бара жатқан ол абайсызда телефонды қолынан түсіріп алады. Ал онда ұрының саусақ іздері қалған болатын. Осылайша жемтігі өзіне құрылған қақпанға айналған ұры ұзаққа бармады – құқық қорғау орындарының базасында сақталған саусақ ізіне қарап анықтағанда, оның бұрын сотталған кәнігі қылмыскер екені нақтыланды.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше