педагогикалық университеттің студенті болып жүр
Новосібір облысы, Куйбышев қаласындағы мұсылман ұйымының басшысы, зейнеткер Хасан Гизатуллин жоғары оқу орнындағы бірінші курсын бітіріп тастап, екіншісінің сабақтарын бастап кетті.
Имам өткен жазда Новосібір педагогикалық университетінің жергілікті филиалына оқуға түскен еді. Ол жақында бірінші курстың түйінді курс жұмысын сәтті тапсырыпты. Ақсақал педагогикалық университетке оқытушыларға жаңа талаптар қойыла бастауына байланысты келіпті. Жасы жетпістен асқан қария, әлбетте, топтағы ең ересек студент болып табылады. Хасан хазірет жасында Сібір автожолдары институтын кәсіби инженер ретінде бітірген. Зейнетке шыққасын жергілікті колледж бен автомектепке оқытушы болып орналасыпты. Бірақ, өзінің айтуынша, қазіргі заманғы талаптарға сәйкес, оқытушының тек профильді мамандық иесі ғана емес, сонымен қатар, педагогикалық білімі болуы керек. Сол себепті тағы да студент болуына тура келген.
Имам-студент енді оқу бағдарламасын қысқа мерзім ішінде аяқтап шығуға ниетті де, мүдделі де болып отыр. Қазір ол екінші курстың сабақтарына кіріскен. Ақсақал өзінің тапқан-таянған жалақылары мен зейнетақысын исламды дамытуға, мешітті ұстап тұруға жұмсайды екен. Ал мешіт үшін өзінің жеке үйін босатып беріпті.
Бұдан басқа, Хасан абый Қазандағы Ресей ислам университетінде сырттай білім алып жүр. Ол бұған бұдан бірнеше жыл бұрын түскен екен. Кезінде бір себептермен оқуды тастап кетіпті. Ал жақында зейнеткер ондағы оқуын да жалғастырыпты.
Мұрат АЙТҚОЖА.

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше