итальян музыканттары атынан білдірілді
Шымкенттегі опера және балет театрында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Қазақстан Республикасындағы Италия елшілігінің қолдауы бойынша «Италия кинематографиясының ұлы музыкасы» атты концерт өтті. Концертке әлемдік деңгейдегі жұлдыздар – атақты композитор, дирижер, виртуоз-музыкант Мауро Маур (труба) мен Франсуаз де Клоссе (фортепиано) қатысты.
Шығармашылық кеште Италияның əйгілі «Багси», «Миссия», «Амаркорд», «Тәтті өмір», «Кабирие түндері», «Парадизо» жаңа кинотеатры сынды көптеген киноларына арнап жазылған тамаша туындылары облыстық опера және балет театрының симфониялық оркестрі мен хор ұжымының сүйемелдеуінде орындалды.
Бұрын да өңір тұрғындары атақты музыканттар орындаған шығармаларды тыңдауға көп келетін. Бұл жолы театрда ине шаншар орын болған жоқ. Жұрт табалдырықта отырды десе де болады. Көрермен көп болса, талантты адамдар одан сайын арқаланып кетеді. Мауро Маур да шығармаларды жанын салып, беріліп орындады.
– Біз Астана және Шымкент қаласында концерт бердік. Қазақстанға алғаш келуіміз. Шымкенттіктер мені таң-тамаша қалдырды. Сіздердің қолдауларыңыз, ақ ниеттеріңіз менің кеудеме қуаныш толтырды. Мен мұны ұмыта алмаймын. Айтқандай, италиялықтар мен қазақстандықтар өте ұқсас екен. Бізді жоғары темперамент, достық және ас мәзіріне дархандық біріктіреді. Ал жергілікті музыканттармен бірлесіп концерт беру есімнен ешқашан шықпайды. Қазақстан мен үшін үлкен жаңалық болды. Бұл елге әлі талай келемін, – деді ол.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше