03 Ақпан, 2016

Форум тақырыбы – Тәуелсіздік

404 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Таяуда ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжі негізінде Астана қа­ла­сы мектептері мен кәсіптік-техни­ка­лық оқу орындарының тарих, әлеу­меттік-экономикалық және құқық­тық пәндер оқытушыларының Тәуел­сіздіктің 25 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы: тарихи даму тәжірибесі және тағылымы» атты ІІ қалалық форумы өтті. Форумды өткізу мақсаты жоғары оқу орындары, колледж және мектеп оқытушыларының ғылыми-зерттеу мүмкіндіктерін кеңейту және Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының кезеңдері жайлы білімдерін арттыру, сонымен қатар, білім беру мекемелерінде тарих, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық пәндерді оқытуда сабақтастық тәжірибесімен алмасу болып табылады. Форум шеңберінде «Жасай бер, тәуелсіз Қазақстан!» тақырыбында ғылыми әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Форумда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында өткізілген шығармашылық эссе және авторлық өлең сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Эссе жазу бойынша бірінші орынды «Басқару» колледжінің студенті О.Миров иеленді. Екінші орын № 19 орта мектеп оқушысы К.Жамарянға және политехникалық колледж студенті В.Повышеваға берілді. Ал үшінші орынды кәсіптік-техникалық колледж студенті А.Волосевич пен «Тұран» колледжінің студенті А.Алипова өзара бөлісті. Авторлық өлең сайысының қорытындылары бойынша бірінші орынды «Даналық» колледжінің сту­денті З.Ыбырашева иеленді. Екінші орын­ды ҚазГЗУ гуманитарлық заң коллед­жінің студенті А.Белякова алды, ал үшінші орынды № 48 мектеп-лицейі­нің оқушысы Г.Нағашыбек иеленді. «Ең жас қатысушы» номинация­сы № 4 мектеп-гимназиясының 2в сы­нып оқушысы Болатбек Бекнұрға берілді. Барлық жеңімпаздар Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық мұражайының жә­не «Атамекен» Қазақстан картасы» этно­мемориалдық кешенінің абоне­мент­терімен және сыйлықтармен марапатталды. Форумның соңында тарихи сананы қалыптастыру мәселелері талқыланып, ұсыныстар қабылданды. «Егемен-ақпарат».