03 Ақпан, 2016

Сайлауалды науқан басталып кетті

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
100-590Оңтүстікте «Нұр Отан» партиясының сайлауалды штабы ашылып, жетекшісі болып партияның ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Берік Оспанов тағайындалды. Бұқаралық ақпарат құралдары өкіл­дерімен өткен брифингте Берік Серікұлы партияның кезектен тыс XVII съезінде Парламент Мәжілісінің депутаттарына арналған партиялық тізім бекітіліп, жаңа сайлауалды бағдарламаның қабыл­данғанын тағы да еске салды. – «Нұр Отан» партиясы биліктегі басымдыққа ие және жауапкершілігі мол саяси күш ретінде өзінің сайлауалды бағдарламасында жаңа үдерістерге жауап беретін және бірлік, тұрақтылық пен жасампаздықты қамтамасыз етуге бағытталған, Елбасы анықтап берген мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін нақты межелерді белгіледі. Бүгінгі таңда партияда түр­лі әлеуметтік топтарға жататын тұр­ғындармен нақты іс-қимыл жоспары әзірленіп, штабтың күнтізбелік жоспары бекітілді, – деді ол. Облыстық сайлауалды штабында 62 мүше бар. Ал аудандық, қалалық штабтарға 355 азамат кіріп, сайлау учаскелерінде 3222 сенімді өкіл жұмыс жасай бастады. Штабта үгіт-насихат кезінде өткізілетін барлық шараларды ақпаратпен қамтамасыз ету үшін баспасөз орталығы жұмыс істейтін болады. Штаб жұмысының негізгі мақсаты – Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауларында айқын жеңіске қол жеткізу. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Қазақстан облысы.