03 Ақпан, 2016

Елшілермен екіжақты әңгіме

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент (2) ҮлкеніПарламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша елшісі Мачей Лангты және Эстония елшісі Яан Рейнхольдты олардың өтініштері бойынша қабылдады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Сенат Төрағасы елшілерді Ұлт Жоспары мен Бес институттық реформаны іске асыру жайында хабардар етті. Спикер Қазақстанның Эстония және Польшамен өза­ра қарым-қатынастарының дос­тық сипатына тоқтала келіп, парла­ментшілер арасындағы нәтижелі үнқатысуды, сондай-ақ, ЕҚЫҰ Пар­ламенттік Ассамблеясы аясын­дағы өзара сындарлы іс-қимыл­ды атап өтті. Қ.Тоқаев Эсто­ния және Польша тараптарын Астанада өтетін халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсен­ді қатысуға шақырды. Эстония және Польша дипло­матиялық миссияларының басшылары парламенттік, сауда-эконо­микалық және мәдени-гумани­тарлық байланыстарды одан әрі тереңдету арқылы Қазақстанмен өзара тиімді қатынастарды ны­ғай­туға ықпал ететіндерін айтты.