03 Ақпан, 2016

Алатауда қауіпсіздік үшін қар көшкіні қолдан жасалады

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03-02-2016 almatyАЛМАТЫ. 3 ақпан. Үлкен Алматы өзенінің жағалауындағы  көлік-қатынастары жолының қауіпсіздігі үшін Алатаудың шатқалынан қар көшкіні қолдан құлатылады. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз орталығына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Биік тау басындағы«Ғарыш» ғылыми-зерттеу стансасына барар жол бойындағы тау аңғарында жиналып қалған қалың қар көбесі осындай шұғыл әрекет жасауға мәжбүрлеп отыр. «Қазгидромет» республикалық-қазыналық кәсіпорынның ұсынысына орай қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметі аталған аумақта қар көшкіні болатынын қала тұрғындары мен саяхатшыларға алдын ала ескерту жасаған. Профилактикалық шаралар барысында тау баурайына сапарлар уақытша тоқтатылады, жолдар жабылады. Талғат Сүйінбай. Дерк, сурет: Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.