03 Ақпан, 2016

Павлодарда санитарлық авиация 335 рет ұшқан

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03-02-2016-aviasia 1ПАВЛОДАР. 3 ақпан. Павлодарда санитарлық авиация қызметі 2012-2015 жылдар аралығында облыс аудандарына 335 рет ұшып барып жедел көмек көрсеткен. Биыл жаңа жылдан бастап 6 рет ұшуға шыққан. Бұл облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Басқарманың мәліметінше, санитарлық авиация негізінен босанатын әйелдерге, балаларға, жүрек талмасы ұстаған, ауыр жарақат алған науқастарға қызмет көрсетеді. Тік ұшақтар Oxylog 2000 plus аппараты, оттегі баллоны, мониторинг жасау жүйесі, аспиратор, жансақтау қобдишасы сияқты басқа да қажетті медициналық жабдықтармен жарақталған. Аудан орталықтарында, Екібастұзда, Майқайыңда ұшу-қону алаңдары жасалды. Санитарлық авиация іске қосылған уақыттан бастап науқастарды тасымалдау кезінде төтенше оқиға орын алған жоқ. Екі жыл бұрын облыста озық технологиялармен жарақталған 8 жедел жәрдем көлігі және санитарлық авиация мақсатында ЕС-145 маркалы тікұшақ сатып алынды. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz. 03-02-2016-aviasia 2