03 Ақпан, 2016

Оңтүстікте депутаттар корпусында бір ғана әйел болады

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? ШЫМКЕНТ. 3 ақпан. Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 55 депутатының құрамында бір ғана әйел бар.Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаеваа осылай деді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Раушан Сәрсембаеваның келтірген мәліметін өткен шаққа жатқызуға болады. Өйткені, түрлі деңгейдегі мәслихаттарға жаңа сайлау өтеді. Расында, бұрынғы облыстық корпуста бір ғана нәзік жан болған. Ол - «Береке» корпорациясының президенті Рәшкүл Оспанәлиева. Алайда, облыстық мәслихаттағы Рәшкүл Жәлелқызын әріптестері «бір өзі он депутат әйелге татиды» деп әзілдейді. Шымкентте өткен іскер әйелдердің бизнес форумында Раушан Сәрсембаева басшылық құрамында әйелдердің пайызы төмен екендігін облыс әкімі Бейбіт Атамқұловқа базына ретінде айтқан. «Пайызын көтереміз» деп уәде берген өңір басшысы. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz