04 Ақпан, 2016

Зомбылықсыз бақытты балалық шақ

1022 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
iБіздің елдегі қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бос­тан­дығы болса, адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы дей­­міз. Соның ішінде саламатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығай­ту­дағы басты мін­деттің бірі бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу болып табылады. Бұл орайда, осы талаптарға сай «Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес» атты айлық жүргізу барысында Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №157 жалпы білім бере­тін мектепте Наурызбай аудан­дық прокурорының орынбасары М.Айқымбеков, Наурызбай аудандық Білім бөлімінің жетек­шісі Г.Жомартбай, мектеп директоры С.Ахметова және мектеп әкімшілігі мен психологтары, со­нымен қатар, ата-аналардың қатысуымен «Балалар мен жасөс­пірімдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау және оның алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда бүгінгі таңдағы өзек­ті мәселелердің бірі – балалар мен жасөспірімдерге қа­тысты зорлық-зомбылық және оның алдын алу амалдары талқыланды. Осы мәселе бойынша сөз алған Наурызбай ауданы прокурорының орынбасары М.Айқымбеков, аудан прокурорының көмекшісі О.Нұрғазиев осы тақырып аясында бейнетүсірілім көр­сете отырып, «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол екендігін, отбасындағы ата-ананың мінез құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны екендігін жеткізді. Олар балаларды үнемі бақылауда ұстауымыз керектігін, әсіресе, қолайсыз отбасындағы балалармен жұмыс жасап, мектеп педагогтарымен, психологтарымен тығыз байланыста болу, баланың жеке басына мән берудің маңыздылығын айтты. Мектеп психологтары А.Жыл­­­­қы­­баева мен А.Бопиева ата-аналармен «Өмірді қалай түсінесіз?» атты тренинг өт­кізді. Кездесу барысында ата-аналардың ойында жүрген көп­теген сұрақтарға жауап бе­рілді. «Қыз балалар үшін гине­колог маманын шақырып іс-ша­ра өткізу дұрыс па?» деген сұраққа М.Айқымбеков мұндай іс-шаралардың қыздарымыз үшін маңызы зор екендігін атап өтті.  «Егемен-ақпарат».