04 Ақпан, 2016

Қаңқылдатып құс баққан

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
chickenТалдыбұлақ ауылының тұрғыны Нұрболат Қобдықовтың негізгі кәсібі – жүргізушілік. Бірақ, мемлекеттің қолдауына ие болып, кәсіпкерлікті қолға алуға ниет еткен ол өткен жылдан бастап құс өсіруге бет бұрды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 3 млн. теңге несиелік қаражат алған Н.Қобдықов 500 қаз, 500 үйрек, 100 тауықтың балапандарын өткен көктем айында қала орталығынан сатып алса, бүгінде оның жемісін де көріп отыр. Бағымға алған құстарын баптайтын екі адамды жұмыспен қамтып отырған құс өсіруші Н.Қобдықов қыс айы келісімен бағымдағы семірткен үйректерін 1500-2000 теңгеден, тауықтарын 500 теңгеден тұрғындарға сатуға шығарып, едәуір пайдаға да қол жеткізді. Қазірде жеке кәсіпкер Нұрболат Қобдықовтың ауласында 100-ге жуық қаз бағылуда. Келешекте, қолға алған кәсібін кеңейтіп, құстарды көбейтуді мақсат етіп отырған Н.Қобдықов инкубаторлық аппарат сатып алуды да жоспарына енгізген. Кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетіп отырған мемлекетімізге рахмет, біз де Отанымыздың өркендеуіне өз үлесімізді қоса береміз, дейді Нұрболат Қобдықов. Мүсірбек АЙТАШЕВ. Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы.