04 Ақпан, 2016

Шығыс өңірінде тұрақтандыру қорының өнімдері арзандады

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04-02-2016 azik-tulikӨСКЕМЕН. 4 ақпан. Шығыс Қазақстанның тұрақтандыру қорында қосымша қордың болуы азық-түліктің негізгі түрлерінің бағамын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. 2016 жылдың 1 наурызына дейін картоп, орамжапырақ, қызылша, сарымсақ және сәбіздің килограмы 60 теңгеден сатылады. Облыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусиннің төрағалығымен өткен өңірлік тұрақтандыру қорын басқару бойынша комиссия отырысында осындай шешім қабылданды. Облыс әкімінің орынбасары бұдан өзге Өскемен және Семей қалларының әкімдеріне тұрақтандыру қоры өнімдерін сататын нүктелер санын көбейтуді тапсырды. Бүгінде көкөніс өнімдері 183 сауда нүктесі арқылы саудалануда. Оның ішінде Өскеменде 103, Семейде 84 нүкте арқылы тұтынушыларға ұсынылады. Биыл облыс орталығында 4 мың тонна, Семейде 5,7 тонна көкөніс өнімдері сатып алынды. Айта кетейік, тұрақтандыру қорының негізгі мақсаты азық-түлік нарқын реттеуге ықпал ету, жоғары сұранысқа ие көкөніс түрлері бағаларының маусымдық шарықтауын тежеу, өнім бағасының негізсіз өсуін болдырмау және алыпсатарлыққа жол бермеу арқылы нарықта тиімді баға саясатын енгізу. Думан Анаш. Дерек, сурет: Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі